https://sputnik.kz/20250401/abay-oblysynda-kunine-200-tonna-tazartylgan-may-shygaratyn-ondiristik-zheli-iske-qosylady---52102338.html
Абай облысында күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желі іске қосылады
Абай облысында күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желі іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Бұл жоба арқылы өсімдік майы өндірісі жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғаяды 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T10:53+0500
2025-04-01T10:53+0500
2025-04-01T10:54+0500
өндіріс
қазақстан
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52102912_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_496d3010c342f8de00f6eb559487181a.jpg
АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа желіні салу жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Жаңа өндіріс тәулігіне: Өндірістік желі тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, сондай-ақ 800 тонна рапс пен зығыр тұқымын қайта өңдеуге бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Ресейден келген импорт болмақ. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияға ішкі нарықтың тазартылған күнбағыс майына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді де жолға қоюға мүмкіндік береді. Дайын өнім Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония елдеріне экспортталатын болады. Өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағытталған бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға айтарлықтай үлесін қосады.
https://sputnik.kz/20250311/serbiya-eaeo-dan-kunbagys-mayy-men-margarin-akeluge-qoyylgan-shekteudi-alyp-tastady-51526363.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52102912_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fa32ac846d9506e01b86bfde31b4e5d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, қазақстан, ауыл шаруашылығы министрлігі
өндіріс, қазақстан, ауыл шаруашылығы министрлігі
Абай облысында күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желі іске қосылады
10:53 01.04.2025 (жаңартылды: 10:54 01.04.2025) Бұл жоба арқылы өсімдік майы өндірісі жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғаяды
АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа желіні салу жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды
ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желінің іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған. Бұл жоба компанияның өндірістік қуатын кеңейту және өнім көлемін жылына 72 мың тоннаға дейін арттырудағы маңызды қадам болмақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 8,3 млрд теңгені құрайды", делінген хабарламада.
2,6 тонна фосфатидті концентратты;
36 тонна түйіршіктелген қауызды өңдеуге мүмкіндік береді.
Өндірістік желі тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, сондай-ақ 800 тонна рапс пен зығыр тұқымын қайта өңдеуге бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Ресейден келген импорт болмақ. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияға ішкі нарықтың тазартылған күнбағыс майына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді де жолға қоюға мүмкіндік береді.
Дайын өнім Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония елдеріне экспортталатын болады. Өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағытталған бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға айтарлықтай үлесін қосады.