https://sputnik.kz/20250331/tramp-reseyge-tagy-da-bazh-salygyn-engizgisi-kelmeytinin-aytty--52066176.html
Трамп Ресейге қайталанған баж салығын енгізгісі келмейтінін айтты
Трамп Ресейге қайталанған баж салығын енгізгісі келмейтінін айтты
Sputnik Қазақстан
АҚШ көшбасшысы Ресей президенті мен Владимир Зеленский арасында келісім жасалатынына үміт білдірді 31.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-31T09:17+0500
2025-03-31T09:17+0500
2025-03-31T09:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50420441_0:161:3068:1887_1920x0_80_0_0_25603dee8a2baf36016775593b5723f2.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қайталанған баж салығын енгізгісі келмейтінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.Америкалық көшбасшы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен қарым-қатынасы "нашар" ма деген сұраққа мұндайды жоққа шығарып жауап берді.Сонымен бірге ол Ресей президенті мен Владимир Зеленский арасында келісім жасалатынына үміт білдірді және атысты тоқтатуды бастау үшін "психологиялық дедлайн" бар екенін айтты.Жексенбі күні NBC News телеарнасы Трампқа сілтеме жасап, Мәскеумен Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келісім болмаған жағдайда Ресейден жеткізілетін мұнай экспортына екінші реттік баж салығын енгізуге дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы оқиға осылай өрбісе, Ресейден мұнай импорттаушылар үшін тіпті АҚШ-та бизнес жүргізуге тыйым салынады деп те ескертті.Ресей елдің санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәліидеді. Оның үстіне Батыс елдерінің өзінде санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды.
https://sputnik.kz/20250326/tramp-maskeu-men-kiev-beybitshilikke-qol-zhetkizgisi-keledi-dep-sanaydy-51917739.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50420441_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_d1ee674886c4406da0a3d8827ce1ef27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп Ресейге қайталанған баж салығын енгізгісі келмейтінін айтты
09:17 31.03.2025 (жаңартылды: 09:27 31.03.2025) АҚШ көшбасшысы Ресей президенті мен Владимир Зеленский арасында келісім жасалатынына үміт білдірді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қайталанған баж салығын енгізгісі келмейтінін айтты, деп хабарлады
РИА Новости.
"Әрине, мен Ресейге қайталанған баж салығын енгізгім келмейді, бірақ ол енгізілсе, бұл Ресей үшін жақсы болмас еді", - деді ол Ақ үйдегі журналистерге.
Америкалық көшбасшы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен қарым-қатынасы "нашар" ма деген сұраққа мұндайды жоққа шығарып жауап берді.
Сонымен бірге ол Ресей президенті мен Владимир Зеленский арасында келісім жасалатынына үміт білдірді және атысты тоқтатуды бастау үшін "психологиялық дедлайн" бар екенін айтты.
Жексенбі күні NBC News телеарнасы Трампқа сілтеме жасап, Мәскеумен Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келісім болмаған жағдайда Ресейден жеткізілетін мұнай экспортына екінші реттік баж салығын енгізуге дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы оқиға осылай өрбісе, Ресейден мұнай импорттаушылар үшін тіпті АҚШ-та бизнес жүргізуге тыйым салынады деп те ескертті.
Ресей елдің санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәліидеді. Оның үстіне Батыс елдерінің өзінде санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды.