https://sputnik.kz/20250331/qaytarylgan-aktivter-pavlodar-oblysynda-zhana-meditsinalyq-nysandar-boy-koteredi-52074781.html
Павлодар облысында жемқорлардың ақшасына жаңа медициналық нысандар салынады
Павлодар облысында жемқорлардың ақшасына жаңа медициналық нысандар салынады
Sputnik Қазақстан
Облыстағы бірнеше ауылға жаңа медициналық нысандар қайтарылған активтер есебінен салынады 31.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-31T13:22+0500
2025-03-31T13:22+0500
2025-03-31T13:39+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49310786_0:134:1280:854_1920x0_80_0_0_c9a77937358140041e4082d41c4b5274.jpg
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Павлодар облысында қайтарылған активтер есебінен медициналық нысандар салуға арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз фельдшерлік-акушерлік пунктің орнына жаңасын салу жоспарланған. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бұл елді мекенде 822 адам тұрады. Ертіс ауданында да дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсететін болады. Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыс істеп тұрған ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250325/elge-qaytarylgan-aqshaga-aqmola-oblysynyn-10-auylynda-meditsinalyq-nysan-salynady-51908162.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0f/49310786_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_1ee7058dd74932c9e28dfe318be23513.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодар облысында жемқорлардың ақшасына жаңа медициналық нысандар салынады
13:22 31.03.2025 (жаңартылды: 13:39 31.03.2025) Облыстағы бірнеше ауылға жаңа медициналық нысандар қайтарылған активтер есебінен салынады
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Павлодар облысында қайтарылған активтер есебінен медициналық нысандар салуға арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам
қаржы бөлінді.
Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз фельдшерлік-акушерлік пунктің орнына жаңасын салу жоспарланған. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бұл елді мекенде 822 адам тұрады.
Ертіс ауданында да дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсететін болады.
"Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Сондықтан осы ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыс істеп тұрған ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.