https://sputnik.kz/20250331/astanaga-200-shaqyrym-zherden-su-qubyry-tartylady--kelisim-rasimdeldi-52089562.html
Астанаға 200 шақырым жерден су құбыры тартылады – келісім рәсімделді
Астанаға 200 шақырым жерден су құбыры тартылады – келісім рәсімделді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Қазақстан мен Қытай Астанаға 200 шақырым жерден су құбырын тарту туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 31.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-31T17:40+0500
2025-03-31T17:40+0500
2025-03-31T17:41+0500
астана
су
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52088011_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_66d19824a49ada0146804c2ca3df658f.jpg
АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Қазақстан мен Қытай Астанаға 200 шақырым жерден су құбырын тарту туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Келісімге сәйкес, қытайлық компания Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын тартып қана қоймай, №4 сорғы-сүзгі стансасын салып береді.Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарлануда.Үкімет таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде China Energy International Group және оның еншілес компаниясы China Gezhouba Group Company Ltd. әлемнің түрлі өңірлерінде ірі инфрақұрылымдық және инженерлік жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие. Онымен EPC-келісімшартқа қол қойылды.Айта кетері, EPC-келісімшарт бойынша мердігер компания жобалаудан бастап, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен нысан құрылысын іске қосуға дейінгі барлық жұмысты атқарады.
https://sputnik.kz/20230605/astana-khalqynyn-ten-zhartysy-koshede-baklazhka-ustap-su-izdep-zhur--deputat-35631431.html
астана
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52088011_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_01716dab638ea280c465625bd8021371.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, су, қытай
Астанаға 200 шақырым жерден су құбыры тартылады – келісім рәсімделді
17:40 31.03.2025 (жаңартылды: 17:41 31.03.2025) АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Қазақстан мен Қытай Астанаға 200 шақырым жерден су құбырын тарту туралы келісімді рәсімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Келісімге сәйкес, қытайлық компания Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын тартып қана қоймай, №4 сорғы-сүзгі стансасын салып береді.
"Бұл – Астананы тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоба. Су тартқыштың жалпы ұзындығы – 203,06 шақырым (екі желі). Жобаның жүзеге асырылуы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға, су тұтынудың артуына төтеп беруге және әлеуметтік-экономикалық дамуға жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарлануда.
Үкімет таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде China Energy International Group және оның еншілес компаниясы China Gezhouba Group Company Ltd. әлемнің түрлі өңірлерінде ірі инфрақұрылымдық және инженерлік жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие. Онымен EPC-келісімшартқа қол қойылды.
Айта кетері, EPC-келісімшарт бойынша мердігер компания жобалаудан бастап, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен нысан құрылысын іске қосуға дейінгі барлық жұмысты атқарады.