Алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

© SputnikБас прокуратура ғимараты
Бас прокуратура ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Бизнес субъектісінен 50 миллион теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.
"Бизнес субъектісінен 50 миллион теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге экстрадицияланды.
Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
100 млн теңгеге кәсіпкерді сан соқтырған алаяқ Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Жаңалықтар
0