Трамп 2037 жылға дейін билікте қалуы мүмкін – БАҚ

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВыступление президента США Д. Трампа на заседании конгресса
Выступление президента США Д. Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Жазылу
АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Вэнс мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін отставкаға кетіп, оның орнына Трамп қайта келуі мүмкін
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Конституциядағы "саңылаудың" арқасында 2037 жылға дейін билікте бола алады, деп жазды Daily Mail.
АҚШ-та бір адам екі мерзімнен артық президент бола алмайды. Алайда АҚШ Конституциясындағы 22-ші түзетуде олқылық бар: жаңа президенттің отставкаға кетуіне немесе қайтыс болуына байланысты бұрын екі рет сайланған мемлекет басшысының билікке оралуына тыйым салатын регламент жоқ, деп жазды британиялық таблоид.
Яғни, Трамп вице-президенттікке үміткер бола алады, ал АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Вэнс президенттікке үміткерлер тізімінде бірінші орынға шығады.
Ант бергеннен кейін Вэнс отставкаға кетуі мүмкін, бұл оның вице-президенті Трампқа президент болуға мүмкіндік береді.
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаны қалпына келтіруге көмектесе ме?
Жаңалықтар
0