Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманы 4,9 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевАқтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманы 4,9 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманы 4,9 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Жазылу
Өңірдегі білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше әрекет орын алған
АЛМАТЫ, 30 наурыз - Sputnik. Ақтөбе облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше әрекет орын алған, деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманына қатысты іс тергелуде. Ол 4,9 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Бас маман өзіне белгіленген жалақыдан жоғары айлық аударып отырған.
Облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушыға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Шенеунік мектеп басшыларынан аттестаттаудан өтуге көмектескені үшін пара алды деп айыпталып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектептерде бюджет ақшасын ұрлауды тоқтату және өздеріне тиісті мөлшерден артық жалақы аударудың алдын алу бағытында бірқатар шараларды қолға алған.

"Бухгалтерлік бағдарламаларға бірыңғай техникалық талаптар бар, олар бұл салада еңбек етпейтіндердің жалған деректерін енгізуге тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Ал бухгалтерия мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазынашылықтың деректер базасымен біріктірілетін болады", - дейді ведомство.

Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Ақтөбе облысында бөлім басшысы мен депутаттар 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0