Қазақстан мен Өзбекстан мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Руководители АО НК "КазМунайГаз" и АО "Узбекнефтегаз" подписали соглашение
Руководители АО НК КазМунайГаз и АО Узбекнефтегаз подписали соглашение  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жазылу
Бұл құжат ресурстық базаны толықтыру және мұнай-газ химиясы саласын дамытуға ықпал етеді
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Aлматыда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Өзбекмұнайгаз" АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы.
Құжатқа "ҚМГ" басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен "Өзбекмұнайгаз" басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қол қойды.
Келісім екі компанияның геологиялық барлау және Қазақстан мен Өзбекстандағы мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды бірге жүзеге асырады.
Компания хабарлағандай, бұл құжат өзбек әріптестерімен бірге ресурстық базаны толықтыру және мұнай-газ химиясы саласын дамыту сияқты маңызды бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін растайды.
"Сонымен қатар цифрлық технологиялар, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларында біздің ортақ мүдделеріміз бар. Бүгінгі келісім Қазақстан мен Орталық Азиядағы энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді",, — деді Асхат Хасенов.
Бұған дейін Баку қаласында өткен "Энергетика саласындағы цифрландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік және сатып алулар" атты халықаралық конференциясы аясында SOCAR, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Татнефть" ЖАҚ және "Өзбекнефтегаз" АҚ өкілдері цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумдарға қол қойды. Құжаттар цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және олардың салдарын жою бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.
Тоқаев пен Мирзиёев цифрлық экономика жетістіктері көрмесін тамашалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Тоқаев пен Мирзиёев Ұлттық жасанды интеллект платформасымен танысты
Жаңалықтар
0