Қатонқарағайдағы жаңа әуежай қандай болатыны көрсетілді

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаҚатонқарағайдағы жаңа әуежай қандай болатыны көрсетілді
Қатонқарағайдағы жаңа әуежай қандай болатыны көрсетілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жазылу
Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды деп көзделіп отыр
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов нысан құрылысының барысын тексерді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қатонқарағай ауданындағы әуежай Белқарағай ауылы маңындағы 266 гектар жерде орналасады. Әуежай аймақтың климаттық және географиялық жағдайын ескере отырып салынуда. Жоба аясында алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігі бар 2,2 мың метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылды. Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдау көзделген.
Сонымен қатар жоба аясында толыққанды инфрақұрылым құру қарастырылған:
4 әуе кемесіне арналған перрон;
4 мың шаршы метрлік заманауи аэровокзал;
командалық-диспетчерлік пункт;
апаттық-құтқару қызметі;
метеостанса және радионавигациялық жабдықтар.
Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды деп көзделіп отыр.
"Қазірдің өзінде Қатонқарағайға жылына 100 мыңға жуық турист келеді. Алдағы бес жылда бұл көрсеткіш 250 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Бұл бағыт қазақстандық және шетелдік қонақтар арасында сұранысқа ие", — деді Марат Қарабаев.
Шығыс Қазақстан облысында туризм саласын одан әрі дамыту үшін Көлік министрлігі туристік нысандарға апаратын барлық жолдарды жөндейді.
Нысан қолданысқа тапсырылған кейін
Катон-Қарағайдан Астанаға;
Алматыға;
Өскеменге;
Алтайға
Қанасқа (ҚХР)
Баян-Өлгейге (Моңғолия) дейін қатынайтын халықаралық рейстер ашылады.
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Зайсанда әуежай құрылысы басталды
Жаңалықтар
0