https://sputnik.kz/20250329/ozbekstan-prezidentine-almaty-tau-shangysy-klasteri-korsetildi--52027068.html
Өзбекстан президентіне Алматы тау шаңғысы кластері көрсетілді
Өзбекстан президентіне Алматы тау шаңғысы кластері көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев пен Мирзиёев Іле Алатауының шыңдарын аралады 29.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-29T13:46+0500
2025-03-29T13:46+0500
2025-03-29T13:46+0500
қазақстан
өзбекстан
шавкат мирзиёевтің қазақстанға іссапары
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52026180_0:61:1280:781_1920x0_80_0_0_6b3e5c40c8a4ca7595204f9924d5d7c9.jpg
АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Алматының тау шаңғысы кластеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Ақорда.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетінің салыну тарихын айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды. Екі елдің президенттері қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген."Шымбұлақтың" қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр. Бұл Алматы маңайында туристік әлеуетімізді барынша танытатын әлемдік деңгейдегі біртұтас ірі кластер құруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250329/ozbekstan-prezidenti-shavkat-mirziev-qazaqstanga-zhumys-saparymen-keldi-52024976.html
қазақстан
өзбекстан
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52026180_79:0:1202:842_1920x0_80_0_0_66f4fb66cb6a9dbb5a05feb595a64f59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, шавкат мирзиёевтің қазақстанға іссапары, алматы
қазақстан, өзбекстан, шавкат мирзиёевтің қазақстанға іссапары, алматы
Өзбекстан президентіне Алматы тау шаңғысы кластері көрсетілді
Тоқаев пен Мирзиёев Іле Алатауының шыңдарын аралады
АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Алматының тау шаңғысы кластеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды
Ақорда. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетінің салыну тарихын айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.
Екі елдің президенттері қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген.
"Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі", - деп жазады Ақорда.
"Шымбұлақтың" қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр. Бұл Алматы маңайында туристік әлеуетімізді барынша танытатын әлемдік деңгейдегі біртұтас ірі кластер құруға мүмкіндік береді.