Бразилиядағы әйелдер арасындағы Әлем Кубогына үш боксшы аттанды

© Photo : Pexels / cottonbro Бразиялиядағы әйелдер арасындағы Әлем Кубогына үш боксшы аттанды
Бразиялиядағы әйелдер арасындағы Әлем Кубогына үш боксшы аттанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жазылу
Әлем Кубогы 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді
АСТАНА, 28 наурыз– Sputnik. Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing ұйымдастыруымен өтетін әйелдер арасындағы Әлем Кубогына кеткен боксшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтетін бұл бәсекеде Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Адишева (54 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) бақ сынайды.
"Сербиядағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларға аз уақыт демалыс берілді, олар қалыпқа келу кезеңінен өтеді. Ал қалған боксшылар жаттығу жиынынан соң Баку мен Хабаровскте өтетін халықаралық турнирлерге қатысады", - дейді федерация мамандары.
Айта кетері, жаңа бокс ұйымы 2025 жылғы Әлем Кубогын бірнеше жерде өткізуге шешім қабылдады. Алдымен Бразилия (31 наурыз – 5 сәуір), одан кейін Қазақстан (30 маусым – 7 шілде), үшінші кезең – 21-21 шілде (орны анықталып жатыр), ал финал 15-22 қараша аралығында Үндістанда ұйымдастырылады.
Предствительница команды Казахстана по боксу Алуа Балкибекова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына 5 қазақстандық боксшы шықты
Жаңалықтар
0