Ақтөбе облысында 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз кіргізген күдікті ұсталды

© : Pixabay / 4711018 /Ақтөбе облысында 120 дан астам шетелдік азаматты заңсыз кіргізген күдікті ұсталды
Ақтөбе облысында 120 дан астам шетелдік азаматты заңсыз кіргізген күдікті ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жазылу
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсаттарының күші жойылды.
АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысында жергілікті тұрғынмен ұйымдастырылған заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Тергеу барысында 120-дан астам шетелдік азаматты жалған жұмысқа орналастырып, тұрғылықты жерлеріне заңсыз тіркеп, ел аумағында заңдастырылуына мүмкіндік берген схема анықталды.
Айыпталушы 2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қаласы сотының шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бір жылға бас бостандығынан шектелді.
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсаттарының күші жойылды.
ҰҚК Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды тоқтатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
ҰҚК Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды тоқтатты
Жаңалықтар
0