Қостанай индустриялық аймағының инфрақұрылымына 6,5 млрд теңге бөлінді

© пресс-служба министерства промышленности и строительстваВ Костанае запустили производство авто Chevrolet Onix
В Костанае запустили производство авто Chevrolet Onix - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Үкімет "Қостанай" индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады.
"Айта кету керек, салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды", - делінген үкімет хабарламасында.
Инвестор 90 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.
Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қостанай қаласының Индустриялық аймағы аумағында 5 жоба іске қосылған. 9 жоба белсенді түрде пысықталып жатыр.
Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2023
Экономика
Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Жаңалықтар
0