https://sputnik.kz/20250328/oraza-ayt---2025-meyram-turaly-ne-biluimiz-kerek-51975306.html
Ораза айт - 2025: мейрам туралы не білуіміз керек
Ораза айт - 2025: мейрам туралы не білуіміз керек
Sputnik Қазақстан
30 наурыз – Ораза айттың бірінші күні 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T11:52+0500
2025-03-28T11:52+0500
2025-03-28T11:52+0500
ораза айт
айт намазы
рамазан-2025
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024679_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_1c810ff39d076fc9fd42c825915f4788.jpg
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Ораза айт қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам болып саналады. Ал "айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту" деген мағынаны білдіреді. Ораза айттың тарихы Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: "Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн..." дейді. Ал Әнәс (р.а.) былай риуаят етеді: "Расулуллаһ Мәдинаға келген кезінде мәдиналықтардың тойлайтын екі күндері бар болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл екі күнді не үшін атап өтетінін сұрады. Олар: "Исламнан бұрынғы дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп, атап өтетін едік" - деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға қарап былай деді: "Алла ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі Құрбан айт, екіншісі Ораза айт". Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып өтеді. Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам болып саналады. Ал "айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту" деген мағынаны білдіреді. Ораза айттың басты шарты Биыл қасиетті Рамазан айы 29 наурызда аяқталады. Ал 30 наурыз – Ораза айттың бірінші күні. Үш күндік мейрам сәуірдің 2-сіне дейін созылады. Айт мейрамында ресми демалыс берілмейді. Соған қарамастан, мұсылмандар Ораза айтты асыға күтеді. Ол күндері мерекелік көңіл-күй де қатты сезіледі. Ораза айт мерекесінің негізгі шарты – мейрам айт намазын оқумен басталады. Айт намазы мешіттерде таңертең ерте жамағатпен оқылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде: "Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу", - деген. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі. Ораза айт қалай тойланады Айт мейрамы ағайын арасын жақындатады. Өйткені Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік дастарқан жайылады. Туған-туысқан, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді. "Ораза айт қабыл болсын!", - деп жылы лебіздерін білдіреді. Ал ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-назын ұмытады. Пітір садақаны айтта беруге бола ма Пітір садақаны Рамазан айының ішінде Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп қою қажет. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, Ораза айт мерекесінде тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге қол ұшын созған абзал.Ораза айтта ауыз бекітуге бола ма Хадистерде: "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" деп айтылған. Сондықтан Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауыз ашық болады. Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күнінен бастап ұстай беруге болады.
https://sputnik.kz/20240608/qurban-ayt-qurbandyq-shaludyn-negizgi-sharttary-44844868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024679_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_67e4ed64ec28d9be150683cd19bbe3b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза айт, айт намазы, рамазан-2025
ораза айт, айт намазы, рамазан-2025
Ораза айт - 2025: мейрам туралы не білуіміз керек
30 наурыз – Ораза айттың бірінші күні
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Ораза айт қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам болып саналады. Ал "айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту" деген мағынаны білдіреді.
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: "Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн..." дейді. Ал Әнәс (р.а.) былай риуаят етеді: "Расулуллаһ Мәдинаға келген кезінде мәдиналықтардың тойлайтын екі күндері бар болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл екі күнді не үшін атап өтетінін сұрады. Олар: "Исламнан бұрынғы дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп, атап өтетін едік" - деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға қарап былай деді: "Алла ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі Құрбан айт, екіншісі Ораза айт". Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып өтеді. Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам болып саналады. Ал "айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту" деген мағынаны білдіреді.
Биыл қасиетті Рамазан айы 29 наурызда аяқталады. Ал 30 наурыз – Ораза айттың бірінші күні. Үш күндік мейрам сәуірдің 2-сіне дейін созылады. Айт мейрамында ресми демалыс берілмейді. Соған қарамастан, мұсылмандар Ораза айтты асыға күтеді. Ол күндері мерекелік көңіл-күй де қатты сезіледі. Ораза айт мерекесінің негізгі шарты – мейрам айт намазын оқумен басталады. Айт намазы мешіттерде таңертең ерте жамағатпен оқылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде: "Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу", - деген. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.
Ораза айт қалай тойланады
Айт мейрамы ағайын арасын жақындатады. Өйткені Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік дастарқан жайылады. Туған-туысқан, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді. "Ораза айт қабыл болсын!", - деп жылы лебіздерін білдіреді. Ал ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-назын ұмытады.
Пітір садақаны айтта беруге бола ма
Пітір садақаны Рамазан айының ішінде Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп қою қажет. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, Ораза айт мерекесінде тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге қол ұшын созған абзал.
Ораза айтта ауыз бекітуге бола ма
Хадистерде: "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" деп айтылған. Сондықтан Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауыз ашық болады. Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күнінен бастап ұстай беруге болады.