"Болашақ" түлегі қашықтан жасаған жұмысын есептеуді талап етті – сот үкімі шықты

© © Sputnik / Айсулу Жумагулова"Болашақ" түлегі қашықтан жасаған жұмысын есептеуді талап етті – сот үкімі шықты
Болашақ түлегі қашықтан жасаған жұмысын есептеуді талап етті – сот үкімі шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Ер адамды стипендиядан айырып, оқытуға жұмсалған қаражатты қайтару талап етілді
АСТАНА, 28 наурыз– Sputnik. Астанада "Болашақ" бағдарламасының түлегі шетелде жүріп, қашықтан жасаған бір жылдық жұмысын міндетті бес жылдық еңбекке есептеуді талап етті. Елорданың мамандырылған ауданаралық соты өз үкімін шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам 2017 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның бір университетінде магистратура дәрежесін алған. Ал 5 жылдан кейін кепілге салынған мүлікті ауыртпалықтан шығаруды сұрады. Бірақ оның өтініші кері қайтарылады. Себебі шетелдегі оқуды міндетті еңбекпен өтеу шарты орындалмады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, түлектер Астана немесе республикалық маңызы бар қалаларда кемінде 5 жыл (1825 күн), немесе басқа аймақтарда 3 жыл (1095 күн) жұмыс істеуге міндетті. Сотқа жүгінген стипендиант шетелде оқуын аяқтағаннан кейін Астанада жұмыс істеді. Бірақ толық еңбек өтілі 1489 күнді немесе белгіленген мерзімнің 82%-ын құрады. 2021 жылы сәуір айында ол шетелге кетіп, сол жақтан қашықтан жұмыс жасаған. Соны міндетті еңбекпен өтеу мерзіміне қосуды талап етті.

"Оның шетелде 336 күн қашықтан жұмыс істеуін есепке алу әрекеті сотпен қабылданбады. Сот еңбекпен өтеу түлектердің Қазақстанда шын мәнінде физикалық тұрғыдан болуын талап етеді деп ұйғарды. Талап қоюшының қол қойған келісімшартында қашықтан жұмыс істеу қарастырылмаған, ал бұл мәселе бойынша тараптар арасында келісімшарт жасалмаған", - делінген үкімде.

Бүгінде Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеуге қатысты өзгерістер бар. Бірақ "Болашақ" түлектердің Қазақстанда болуы міндетті деп саналады. Бағдарлама ережелеріне қашықтықтан жұмыс істеу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген. Ал республикалық комиссия еңбек міндеттемелерін орындамаған ер адамды стипендиядан айырып, оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруды талап етті. Ол комиссияның шешімін де даулап көрді. Бірақ сот бұл талапты да қанағаттандырудан бас тартты.
ХАС қаржы пирамидасының негізін қалаушы 12 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Тұрғындарды 2 млрд теңгеге алдап кеткен: қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0