https://sputnik.kz/20250328/atyrau-munay-ondeu-zauyty-ulesin-zhekeshelendiru-qazmunaygaz-tusinikteme-berdi-52006379.html
"ҚазМұнайГаз" Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сатуға қатысты түсініктеме берді
"ҚазМұнайГаз" Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сатуға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
"ҚазМұнайГаз" серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екенін атап өтті 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T16:05+0500
2025-03-28T16:05+0500
2025-03-28T16:16+0500
қазмұнайгаз
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e9/01/11/50046230_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_651b30d5f0ce07be3e88e4dfeb29b49f.jpg
АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы, дейді "ҚазМұнайГаз".Компания ресейлік "Татнефть" Атырау мұнай өңдеу зауыты иелерінің біріне айналуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді."ҚазМұнайГаз" елімізде мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып, барлық өндіріс тізбегін бірлесіп құру үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екенін атап өтті."ҚазМұнайГаз" "Татнефть" ЖАҚ компаниясымен өзара серіктестік қарым-қатынас аясында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің мұнай-химия шикізаты базасында құны жоғары өнім шығаруды ұйымдастыру бағытында үнемі тәжірибе алмасып отыратынын айтты. "Татнефть" ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен мұнай-химия өнімдерін шығаруда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, деп атап өтті ҚМГ.
https://sputnik.kz/20250326/qazmunaygaz-2024-zhyldy-qorytyndylady-51934288.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/11/50046230_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_653055bff9c34d77ea17b6070595c4b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, мұнай өңдеу зауыты
қазмұнайгаз, мұнай өңдеу зауыты
"ҚазМұнайГаз" Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сатуға қатысты түсініктеме берді
16:05 28.03.2025 (жаңартылды: 16:16 28.03.2025) "ҚазМұнайГаз" серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екенін атап өтті
АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы, дейді
"ҚазМұнайГаз".
Компания ресейлік "Татнефть" Атырау мұнай өңдеу зауыты иелерінің біріне айналуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Бұл ұсыныс квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету есебінен мұнай өңдеу саласында және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ корпоративтік шешім қабылдау, техникалық және экономикалық аспектілер көп уақытты қажет ететінін ескере отырып, бұл мәселені зерттеп жатыр. Мұндай процестер әдетте бірнеше жылға созылады", - делінген хабарламада.
"ҚазМұнайГаз" елімізде мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып, барлық өндіріс тізбегін бірлесіп құру үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екенін атап өтті.
"Осыған байланысты алыс және жақын шет елдердің түрлі компаниялары, соның ішінде "Татнефть" ЖАҚ қарастырылып отыр", - дейді компания.
"ҚазМұнайГаз" "Татнефть" ЖАҚ компаниясымен өзара серіктестік қарым-қатынас аясында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің мұнай-химия шикізаты базасында құны жоғары өнім шығаруды ұйымдастыру бағытында үнемі тәжірибе алмасып отыратынын айтты.
"Айта кетсек, "Татнефть" ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен құны жоғары мұнай химиясы өнімдерін шығару саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісіне инвестиция құюға қызығушылық танытты", - дейді "ҚазМұнайГаз".
"Татнефть" ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен мұнай-химия өнімдерін шығаруда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, деп атап өтті ҚМГ.