Алматыда 110 гектарға "апорт" алмасының көшеті отырғызылады

© Sputnik / Абзал КалиевАлматы апорты
Алматы апорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Жаңа бақшалардағы алма ағаштары сегіз жылдан кейін өнім береді
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары әйгілі "апорт" сортын қайта жаңғыртпақ, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Биыл Алматы облысында әйгілі "Апорт" ағаштарын отырғызу басталады.
"2025-2028 жылдарға арналған жоба аясында 25 мың көшет өсіріліп, 110 гектар алқапта алма ағаштары отырғызылады. Қазіргі таңда жоба толық қаржыландырылған. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Жол картасын іске асыруға кірісті", - дейді ведомстводағылар.
Ғалымдар қазақстандықтардың сапалы әрі тәтті алма жейтіндеріне сенімді.
Жаңа бақшалардағы алма ағаштары сегіз жылдан кейін өнім береді. Ғалымдар заманауи агротехнологияларды ескере отырып, алғашқы кезеңдерде бір ағаш 57,7 кг және ересек ағашқа 100 кг дейін өнім береді дейді.
Мамандардың пікірінше, Апорттың қайта жандануы шаруа қожалықтарының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Яблочный Спас - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Апорт алмасы әлемдік нарыққа шығады
Жаңалықтар
0