https://sputnik.kz/20250327/tasqynga-dayyndyq-zhem-ozeni-men-qulsary-arasynda-65-shaqyrym-boget-salynyp-zhatyr-51976846.html
Тасқынға дайындық: Жем жағалауы мен Құлсары арасында 65 шақырым бөгет салынып жатыр
Тасқынға дайындық: Жем жағалауы мен Құлсары арасында 65 шақырым бөгет салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда су негізінен тереңдетілген Жем өзені арқылы өтіп жатыр 27.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-27T19:53+0500
2025-03-27T19:53+0500
2025-03-27T20:05+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51976995_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_bd2a982b36027120732e7c9e7d0469f2.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында Жылыой ауданы мен Құлсары қаласының су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Жылыой ауданы қауіпті аймақта орналасқан және жыл сайын көктемде су тасқынына ұшырайды. Су тасқыны қаупінің негізгі себебі – ұзындығы 212 шақырымға созылған Жем өзені.Қазіргі таңда су негізінен тереңдетілген Жем өзені арқылы өтіп жатыр. Құлсары қаласында күнделікті бақылау жүргізілуде.Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ағымдағы жағдай туралы баяндап, қалада ахуал тұрақты екенін мәлімдеді. Құлсарыдан бөлек, су басу қаупі бар аймаққа екі ауылдық округ: Жем және Қараарна кіреді.Қанат Бозымбаев Тұрғызба және Шоқпартоғай ауылдарындағы жағалауды бекіту жұмыстарымен танысып, Жем өзенінің жағалауы мен Құрсай каналын нығайту жұмыстары жүріп жатқан аумақты аралады.Сондай-ақ жалпы ұзындығы 95 шақырымды (Жем – 48,9 км, Күрсай – 46,1 км) қамтитын түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Жем өзенінің түбін тереңдету толық аяқталды.Сонымен қатар ауданға Маңғыстау облыстық ТЖД-дан, Қорғаныс министрлігінің Атырау және Ақтөбе облыстарындағы әскери бөлімдері және Атырау облыстық полиция департаментінен қосымша күштер мен техника жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51976995_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_9037720421cf15c3f7f87e7258b8426f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Тасқынға дайындық: Жем жағалауы мен Құлсары арасында 65 шақырым бөгет салынып жатыр
19:53 27.03.2025 (жаңартылды: 20:05 27.03.2025) Қазіргі таңда су негізінен тереңдетілген Жем өзені арқылы өтіп жатыр
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында Жылыой ауданы мен Құлсары қаласының су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданы қауіпті аймақта орналасқан және жыл сайын көктемде су тасқынына ұшырайды. Су тасқыны қаупінің негізгі себебі – ұзындығы 212 шақырымға созылған Жем өзені.
"Өзен жағалауы мен Құлсары қаласы арасында жалпы ұзындығы 65 шақырым қорғаныс бөгеті салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына 136 арнайы техника жұмылдырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда су негізінен тереңдетілген Жем өзені арқылы өтіп жатыр. Құлсары қаласында күнделікті бақылау жүргізілуде.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ағымдағы жағдай туралы баяндап, қалада ахуал тұрақты екенін мәлімдеді. Құлсарыдан бөлек, су басу қаупі бар аймаққа екі ауылдық округ: Жем және Қараарна кіреді.
Қанат Бозымбаев Тұрғызба және Шоқпартоғай ауылдарындағы жағалауды бекіту жұмыстарымен танысып, Жем өзенінің жағалауы мен Құрсай каналын нығайту жұмыстары жүріп жатқан аумақты аралады.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 95 шақырымды (Жем – 48,9 км, Күрсай – 46,1 км) қамтитын түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Жем өзенінің түбін тереңдету толық аяқталды.
"Жылыой ауданында барлығы 255 арнайы техника жұмылдырылған. Бөгеттерде жағдайды тәулік бойы бақылау үшін кезекшілік бекеттері ұйымдастырылды", - деп толықтырды үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ауданға Маңғыстау облыстық ТЖД-дан, Қорғаныс министрлігінің Атырау және Ақтөбе облыстарындағы әскери бөлімдері және Атырау облыстық полиция департаментінен қосымша күштер мен техника жіберілді.