"Сақ стиліндегі" жаңа банкноталар ертеңнен бастап айналымға шығады

банкнота номиналом 1 000 тенге из новой серии "Сакский стиль"
банкнота номиналом 1 000 тенге из новой серии Сакский стиль
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Жаңа банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы номиналы 1000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.
Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр.
"Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген", - дейді Ұлттық банк.
Жаңа банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

"Номиналы 1000 теңгелік жаңа банкноталар 28 наурыздан бастап айналымға енеді және айналымда жүрген 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік ұлттық валюта банкноталарымен екі жыл бойы ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылдың 28 наурызынан 2027 жылдың 27 наурызына дейінгі аралықты қамтиды.
Жалған банкнот. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Былтыр 2 мыңға жуық жалған банкнот анықталды
Жаңалықтар
0