Инфографика

Рамазан - 2025: айт намазының кестесі жарияланды

Ораза айт намаз заглушка
Ораза айт намаз заглушка - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Ораза айт биыл 30 наурызда басталады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазының кестесін жариялады.

"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - деп жазылған хабарламада.

Ораза айт намазының кестесі
Ораза айт намазының кестесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Ораза айт намазының кестесі
Еске салайық, биыл Қасиетті Рамазан 1-29 наурыз аралығында болады. Қадір түні, кеше, яғни наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнге дөп келді.
Сонымен қатар биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Ал үш күнге созылатын Құрбан айт 6-8 маусымға сәйкес келіп тұр. Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып бекітілген.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Ораза айт мерекесінде қандай амалдар жасау керек
Жаңалықтар
0