https://sputnik.kz/20250327/qazaqstanda-136-mynga-zhuyq-shetel-azamaty-zhumys-isteydi-51941917.html
Қазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар 27.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-27T08:58+0500
2025-03-27T08:58+0500
2025-03-27T08:59+0500
мигранттар
еңбек
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51941755_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_74062fde9d58980311be09a5069a49de.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды."Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5%-ы", - деп жазылған хабарламада.Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: 2025 жылы республикаға шетел мамандарын тартуға жалпы квота елдегі жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
https://sputnik.kz/20250211/qostanay-oblysynda-24-shetel-azamaty-evakuatsiyalandy-50747360.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1b/51941755_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_95fcc8967cfc58194f2611887da547d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мигранттар, еңбек
Қазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
08:58 27.03.2025 (жаңартылды: 08:59 27.03.2025) Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).
Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5%-ы", - деп жазылған хабарламада.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:
құрылыс саласында – 5 052 адам;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам;
өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам;
тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам;
әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
2025 жылы республикаға шетел мамандарын тартуға жалпы квота елдегі жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.