Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қазақстан соғыс жылдарында өнеркәсіп орталығына айналды – Дәурен Абаев

© Photo : посольство Казахстана в РоссииҚазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев "Ұлы Жеңіс экономикасы" бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысты
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ұлы Жеңіс экономикасы бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Өнеркәсіп салаларында жұмыс істеу үшін 670 мың адам жұмылдырылды
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев "Ұлы Жеңіс экономикасы" бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысты. Іс-шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ресейдің Ерікті экономикалық қоғамы (ЕЭҚ) ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Дәурен Абаев соғыс жылдары Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі өндірісінің негізгі базасына айналғанын айтты.
"Қазақстанға 220-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорынның эвакуациялануы өнеркәсіпті дамыту және түсті металдарды өндіру үшін қуатты серпін болды. Экономиканың осы салаларында жұмыс істеу үшін 670 мың адам жұмылдырылды. Осылайша, Қазақстан соғыс кезінде Жеңіс жолында өнеркәсіп орталығына айналды", – деді Абаев.
Ерікті экономикалық қоғам президенті Сергей Бодрунов соғыс кезінде станок басында тұрғандардың, өнімді жеткізетіндердің, адамдарды құтқаратындардың еңбегін ерекше айтты. Әсіресе Қазақстан Жеңіске зор үлес қосты, деді ол.
Даурен Абаев принял участие в X Невском международном экологическом конгрессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық әріптестік бар – Абаев
Жаңалықтар
0