Қазақстан Қытаймен парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев встретил в столичном аэропорту Председателя Китайской Народной Республики Си Цзиньпина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом
Президент Касым-Жомарт Токаев встретил в столичном аэропорту Председателя Китайской Народной Республики Си Цзиньпина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Тараптар екі ел арасындағы партияаралық серіктестіктің болашағы зор екенін атап өтті
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қытай коммунистік партиясы орталық комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен келешегін талқылады, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
"Үздіксіз дамудың басты қозғаушы күші ретінде көшбасшыларымыздың жеке достық байланыстары мен ерен еңбегін айтуға болады. Әсіресе, соңғы жылдар қазақ-қытай қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруде маңызды кезеңге айналды. Мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің салып берген жолымен парламентаралық байланыстарымызды одан әрі дамытамыз деп сенемін", – деді мәжіліс төрағасы.
Оның айтуынша екі ел парламенттерінің ықпалдастығын нығайтуда былтырғы мәжіліс делегациясының Қытайға сапары тың қарқын берген.
Тараптар "AMANAT" партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін де талқылады.
Ал Лю Цзяньчао елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Ситуация на пункте пропуска Ак-Тилек на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік бекеттері бірнеше күнге жабылады
Жаңалықтар
0