Қазақстан Арменияға тауар жеткізуді 350 миллион долларға арттыруға дайын - Тоқаев

© Photo : АкордаМемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенттерінің былтыр Қазақстан мен Арменияға жасаған сапарлары өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға айтарлықтай серпін бергенін айтты.
"Сіздің Астанаға алғашқы ресми сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан маңызды. Біздің армян халқы мен Сіздің мемлекетке деген құрметіміз бөлек", – деді президент.
Тоқаев еліміз Бейбітшілік туралы келісім жобасы бойынша келіссөздердің аяқталып, Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың жандануын қолдайтынын жеткізді. Президенттің пікірінше, бұл айтулы оқиға Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісім орнатуға негіз қалап, аймақтың Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады
Токаев принял главу МИД Армении Арарата Мирзояна - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады
Арменияның Сыртқы істер министрі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
"Біз Сіздің екі ел арасындағы ықпалдастыққа қатысты ұстанымыңызды қолдаймыз", – деді Арарат Мирзоян.
Ол Армения мен Қазақстанның Сыртқы істер министрліктері және басқа да ведомстволары Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Ереванға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланысты ілгерілету перспективасы қарастырылды.
Қазақстан президенті отандық бизнес өкілдерінің Арменияға тауар тасымалын 350 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Қазақстан - Армения - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Армения "Қорғаста" дүкендер желісін ашуы мүмкін
Жаңалықтар
0