Қай облыстарда республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 658 арнайы техника мен 1935 маман жұмылдырылды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 658 арнайы техника мен 1935 маман жұмылдырылды.
Паводковую ситуацию в Павлодарской области проверил аким области Байханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны дронмен бақыланып жатыр
Жаңалықтар
0