Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды

© Sputnik / Елена БережнаяСолтүстік Қазақстандағы былтырғы су тасқыны
Солтүстік Қазақстандағы былтырғы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника мен 65 маман жұмылдырылды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" еріген қар суына байланысты жолдардағы жағдай туралы дерекпен бөлісті.
2025 жылдың 27 наурызындағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Атап айтқанда бұл:
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
📍Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
📍Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника мен 65 маман жұмылдырылды.
Паводковую ситуацию в Павлодарской области проверил аким области Байханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны дронмен бақыланып жатыр
Жаңалықтар
0