https://sputnik.kz/20250327/frantsiya-prezidenti-reseyge-qarsy-sanktsiyalar-zhoninde-aytty-51946271.html
Франция президенті Ресейге қарсы санкциялар жөнінде айтты
Франция президенті Ресейге қарсы санкциялар жөнінде айтты
Sputnik Қазақстан
Трансляция Елисей сарайының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізілді 27.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-27T10:23+0500
2025-03-27T10:23+0500
2025-03-27T10:23+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24134441_0:0:3459:1947_1920x0_80_0_0_bd4150bef4ee750c6f1abc3c3ee32ec9.jpg.webp
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Ресейге қарсы санкцияларды алып тастау мәселесі ұзақ мерзімді бітімгершілік келісімі аясында талқыланады, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон. Бұл туралы РИА Новости жазды."Мен үшін санкциялар мәселесі ұзақ мерзімді және сенімді бітімгершілік келісімі аясында талқылануы керек. Менің ойымша, санкциялар мәселесі белгілі бір сәтте талқыланды, бірақ әзірге бұл жөнінде айтуға ерте", - деді Макрон Парижде Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында.Трансляция Елисей сарайының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізілді. Сонымен бірге Макрон Ресейді "бейбітшілікті қаламайды" деп айыптап, Украинада "Ресей бейбітшілік шарттарын белгілемейді" деп мәлімдеді.Сейсенбі күні Эр-Риядта ресейлік және америкалық сарапшылық топтың кездесуінен кейінгі қорытынды мәлімдеме Кремль сайтында жарияланды. Онда Ресей мен АҚШ президенттері арасындағы келісімге сәйкес ресейлік және америкалық тараптар Қара теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, күш қолданбауды және коммерциялық кемелерді әскери мақсатта пайдалануға жол бермеуді қамтитын Қара теңіз бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге келісті және бұл ретте мұндай кемелерді тексеру арқылы тиісті бақылау шаралары ұйымдастырылады. Бірақ келісім бірқатар шарт орындалғаннан кейін ғана күшіне енеді, мұндай шарттың бірі "Россельхозбанкке" қатысты санкциялық шектеулерді алып тастау болып тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24134441_108:0:2839:2048_1920x0_80_0_0_57a3128a2e994b85c160622b518f1ea2.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Франция президенті Ресейге қарсы санкциялар жөнінде айтты
Трансляция Елисей сарайының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізілді
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Ресейге қарсы санкцияларды алып тастау мәселесі ұзақ мерзімді бітімгершілік келісімі аясында талқыланады, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Мен үшін санкциялар мәселесі ұзақ мерзімді және сенімді бітімгершілік келісімі аясында талқылануы керек. Менің ойымша, санкциялар мәселесі белгілі бір сәтте талқыланды, бірақ әзірге бұл жөнінде айтуға ерте", - деді Макрон Парижде Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Трансляция Елисей сарайының Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізілді.
Сонымен бірге Макрон Ресейді "бейбітшілікті қаламайды" деп айыптап, Украинада "Ресей бейбітшілік шарттарын белгілемейді" деп мәлімдеді.
Сейсенбі күні Эр-Риядта ресейлік және америкалық сарапшылық топтың кездесуінен кейінгі қорытынды мәлімдеме Кремль сайтында жарияланды. Онда Ресей мен АҚШ президенттері арасындағы келісімге сәйкес ресейлік және америкалық тараптар Қара теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, күш қолданбауды және коммерциялық кемелерді әскери мақсатта пайдалануға жол бермеуді қамтитын Қара теңіз бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге келісті және бұл ретте мұндай кемелерді тексеру арқылы тиісті бақылау шаралары ұйымдастырылады. Бірақ келісім бірқатар шарт орындалғаннан кейін ғана күшіне енеді, мұндай шарттың бірі "Россельхозбанкке" қатысты санкциялық шектеулерді алып тастау болып тұр.