Алматыда қаржы ұйымдары халықты 30 млрд теңге шығынға батырған

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Алматыда алты микроқаржы ұйымының заңсыз әрекеттері әшкере болды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
“Creditum” МҚҰ, “Sofi Finance” МҚҰ, “Hava Finance” МҚҰ, “SF Offline” МҚҰ, “POS Credit” МҚҰ, “Сәлем Кредит” МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Төлемдерін кешіктірген қарыз алушыларды "KOKE.KZ", "TENGO.KZ", "HAVA.KZ" платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген", - дейді ведомстводағылар.
Қаржы ұйымдары бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.
"Салдарынан қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған. Мысалы, қарыз алушы 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген", - дейді агенттіктегілер.
Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған. Мұндай заңсыз әрекеттердің салдарынан 30 млрд теңге көлемінде шығын келген.
Тергеу әлі жүріп жатыр.
Көктемгі егіс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Көктемгі егіс жұмыстарына 126 млрд теңге жеңілдетілген кредит берілді
Жаңалықтар
0