https://sputnik.kz/20250326/zhyl-basynan-beri-quqyq-buzgan-142-zholaushy-ushaqtan-tusirildi-51936879.html
Жыл басынан бері құқық бұзған 142 жолаушы ұшақтан түсірілді
Жыл басынан бері құқық бұзған 142 жолаушы ұшақтан түсірілді
Sputnik Қазақстан
Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу мен ұшақта темекі шегу бар 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T22:53+0500
2025-03-26T22:53+0500
2025-03-26T22:53+0500
полиция
ұшақ
әуежай
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:58:3627:2098_1920x0_80_0_0_cb01c0485f8332fafc5421239af6ab6b.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері 142 жолаушы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе рейстерінде болған түрлі құқық бұзушылықтар үшін 142 адамды анықтап, жауапқа тартты. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу (83 дерек), ұшақта темекі шегу (40 дерек), ұсақ бұзақылық (12 дерек) және басқа да әуе кемесінде орын алған тәртіп бұзушылықтар бар.Көліктегі полиция департаменті ұшақта темекі шегудің қауіпсіздікке үлкен қатер тудыратынын ескертеді. Темекінің ұшқыны тез тұтанатын материалдарды өртеп жіберуі мүмкін, ал түтіні болса жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына зиян келтіреді.
https://sputnik.kz/20250218/atyraudan-tbilisige-qatynaytyn-aue-reysi-iske-qosylady-50953607.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:0:3365:2524_1920x0_80_0_0_9d50b4a7600a98b9b6c061db3bb4e727.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, ұшақ, әуежай
Жыл басынан бері құқық бұзған 142 жолаушы ұшақтан түсірілді
Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу мен ұшақта темекі шегу бар
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері 142 жолаушы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен түсірілді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе рейстерінде болған түрлі құқық бұзушылықтар үшін 142 адамды анықтап, жауапқа тартты. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу (83 дерек), ұшақта темекі шегу (40 дерек), ұсақ бұзақылық (12 дерек) және басқа да әуе кемесінде орын алған тәртіп бұзушылықтар бар.
"Соңғы оқиғалардың бірі Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты болды. "Алматы - Ақтөбе" рейсі ұшып келгеннен кейін Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккен әйелді анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Көліктегі полиция департаменті ұшақта темекі шегудің қауіпсіздікке үлкен қатер тудыратынын ескертеді. Темекінің ұшқыны тез тұтанатын материалдарды өртеп жіберуі мүмкін, ал түтіні болса жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына зиян келтіреді.