Түркиядағы қақтығыс кезінде қазақстандықтар зардап шекпеді

© AP Photo / Emrah GurelПолицейские задерживают женщину во время акции протеста, приуроченной к Международному дню борьбы за ликвидацию насилия в отношении женщин, Стамбул, Турция
Полицейские задерживают женщину во время акции протеста, приуроченной к Международному дню борьбы за ликвидацию насилия в отношении женщин, Стамбул, Турция - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Жаппай тәртіпсіздік елдің бірнеше аймағында, соның ішінде Стамбул, Анталия, Анкара сияқты туристерге танымал қалаларда болып жатыр
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Түркиядағы қақтығыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Ведомство басшысының бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, министрлікке ешкім көмек айтып, шағымданбаған. Сондай-ақ ол Түркияға сапарлаудың қажеті жоқ екенін айтты. Алайда министрлік өкілі қазіргі уақытта Түркияда қанша қазақстандық жүргені туралы нақты ақпарат бере алмады.
Айта кетері, бұған дейін дипломаттар Түркиядағы қазақстандықтарға қырағылық пен сақтық танытуға шақырған болатын. Олар "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттер кураторлармен тұрақты байланыста және қауіпсіз екенін мәлімдеді.
Жаппай тәртіпсіздік елдің бірнеше аймағында, соның ішінде Стамбул, Анталия, Анкара сияқты туристерге танымал қалаларда болып жатыр. Ереуіл Стамбул мэрі Экрем Имамоглуды тұтқындағаннан кейін басталды. Ол оппозициялық партияның өкілі және праймериздің нәтижесі бойынша Түркия президенттігіне кандидат.
Жаңалықтар
0