https://sputnik.kz/20250326/turik-kompaniyasy-qazaqstanda-zher-qoynauyn-paydalanuga-investitsiya-saludy-kozdeydi-51936756.html
Түрік компаниясы Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға инвестиция салуды көздейді
Түрік компаниясы Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға инвестиция салуды көздейді
Sputnik Қазақстан
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды жалғастыруға, тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T22:31+0500
2025-03-26T22:31+0500
2025-03-26T22:31+0500
инвестиция
түркия
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51936493_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_854e4f7c7f28ec18f40406bfd7a9e064.jpg.webp
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "Çalik Holding" басқарма төрағасы Ахмет Чалыкпен кездесті.Холдинг Қазақстан экономикасына инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруда. Басым бағыттардың бірі – жер қойнауын пайдалану саласы. Алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын сияқты түсті металдардың өндіруге дайын кен орындарын алуға немесе қатты пайдалы қазбаларды ашу әлеуеті жоғары аймақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге басымдық беріледі.Кездесу қатысушылары екі мемлекеттің өнеркәсіп, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастығының зор әлеуеті туралы айтты. Бүгінгі таңда "Minerals.e-qazyna.kz" Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы тиісті рұқсаттарды алу процесі толығымен цифрландырылған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды жалғастыруға, тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты."Çalik Holding" – Орталық Азия, Балқан, Таяу Шығыс және Африкадағы 34 елде жұмыс істейтін, жылдық табысы 2,5 млрд долларды құрайтын ең ірі түрік қаржы және өнеркәсіп топтарының бірі. Компания жер қойнауын пайдалану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, энергетика және қаржы салаларында маманданған.
https://sputnik.kz/20241112/turkiya-men-qazaqstan-arasyndagy-sauda-sattyq-6-milliard-dollarga-zhetti-48475478.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51936493_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d774b0226b09ee6935dfa97184f7a699.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, түркия
Түрік компаниясы Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға инвестиция салуды көздейді
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды жалғастыруға, тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "Çalik Holding" басқарма төрағасы Ахмет Чалыкпен
кездесті.
Холдинг Қазақстан экономикасына инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруда. Басым бағыттардың бірі – жер қойнауын пайдалану саласы. Алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын сияқты түсті металдардың өндіруге дайын кен орындарын алуға немесе қатты пайдалы қазбаларды ашу әлеуеті жоғары аймақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге басымдық беріледі.
Кездесу қатысушылары екі мемлекеттің өнеркәсіп, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастығының зор әлеуеті туралы айтты. Бүгінгі таңда "Minerals.e-qazyna.kz" Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы тиісті рұқсаттарды алу процесі толығымен цифрландырылған.
"Министрлік қатты пайдалы қазбалардың 50 кен орнының тізімін жасады, олар бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында электрондық аукцион өткізу жоспарланған", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қарым-қатынастарды жалғастыруға, тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.
"Çalik Holding" – Орталық Азия, Балқан, Таяу Шығыс және Африкадағы 34 елде жұмыс істейтін, жылдық табысы 2,5 млрд долларды құрайтын ең ірі түрік қаржы және өнеркәсіп топтарының бірі. Компания жер қойнауын пайдалану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, энергетика және қаржы салаларында маманданған.