Ресей СІМ: Запорожье АЭС – ресейлік ядролық нысан

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуЗапорожская АЭС
Запорожская АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігі Запорожье АЭС-інің болашағына қатысты мәлімдеме жасады.
Запорожье АЭС – ресейлік ядролық нысан, деп атап өтті ведомство.
"2022 жылдың қыркүйек айының соңында өткізілген референдумның қорытындысы бойынша ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстары толыққанды субъектілер ретінде Ресей Федерациясының құрамына кірді. 2022 жылғы 5 қазанда Запорожье АЭС-інің Ресей құзырындағы нысан ретіндегі мәртебесін бекітетін Ресей Федерациясы президентінің "Запорожье облысының аумағында атом энергиясын пайдалану саласындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы" № 711 жарлығына қол қойылды", - деп хабарлады СІМ.
Запорожье АЭС-ін Украинаға немесе басқа елге тапсыру немесе бақылауға беру мүмкін емес, деп атап көрсетті министрлік.
"Станцияның барлық қызметкері Ресей Федерациясының азаматы, олардың өмірімен ойнауға болмайды. Запорожье АЭС-ін кез келген мемлекетпен бірлесіп пайдалануға да жол беруге болмайды. Әлемдік тәжірибеде мұндай тәжірибе жоқ", - деп атап өтті ведомство.
Мұндай жағдайда, мысалы, ядролық және физикалық ядролық қауіпсіздікті дұрыс қамтамасыз ету және ядролық залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелерін реттеу мүмкін емес.
"Станцияны пайдалануға кез келген халықаралық ұйымның қатысуы туралы идея да ақылға қонымсыз болып көрінеді, өйткені олардың ешқайсысының мандаты да, құзыреті де ядролық нысандарды пайдалануға қатысуға мүмкіндік бермейді", - деп хабарлады ведомство.
Негізгі салалық конвенцияларды қоса алғанда, халықаралық құқыққа сәйкес өз аумағында ядролық және физикалық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік мемлекеттердің өзіне жүктеледі.
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Үкімет тағы екі АЭС салынатын жерді анықтауға кірісті
Жаңалықтар
0