https://sputnik.kz/20250326/qoydy-alyp-kettim-eldi-tangaldyrgan-kelinshek-baluandyq-qasiet-qaydan-daryganyn-aytty-51915467.html
"Қойды алып кеттім": Елді таңғалдырған келіншек балуандық қасиет қайдан дарығанын айтты
"Қойды алып кеттім": Елді таңғалдырған келіншек балуандық қасиет қайдан дарығанын айтты
Sputnik Қазақстан
25 жастағы риддерлік келіншек салмағы 55 кг болатын қойды 100 рет көтерді 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T09:23+0500
2025-03-26T09:23+0500
2025-03-26T10:19+0500
наурыз мейрамы
қой
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51915595_0:90:829:556_1920x0_80_0_0_9087fa3e94911af1ccb08f217b729ca1.jpg.webp
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 25 жастағы тұрғыны Айым Нұржанқызы салмағы 55 кг болатын қойды 100 рет көтеріп, талайды таңғалдырды. Бұл оқиға Наурыз мерекесі кезінде болған. Sputnik Қазақстан тілшісі балуан қыздың кім екенін, қандай арман-тілегі бар екенін сұрап білді.Қой көтеріп, күш сынаған Айымды ел әлеуметтік желі арқылы танып жатыр.Өкінішке қарай Айым жаттығу кезінде жарақат алып, спортпен толыққанды шұғылдануға мүмкіндігі болмаған."Осы Наурыз мерекесінде қойды 100 рет көтердім. Бас жүлде деп сол көтерген қойды қанжығама байлады. Жалпы пандемия кезінде сіңлім Ұлжан екеуміз спортпен қатты айналыстық. Ол - Қазақстан чемпионы, гірді 228 рет көтеріп, чемпион атанған. Ал бапкеріміз - Еркебұлан Төлеуханов", - дейді балуан қыз.Айымның айтуынша, балуандық қанмен дарыған қасиет, өйткені әке-шешесі мен ата-бабасы нар тұлғалы, ірі адамдар болған."Осындай жарыстарға қатыссам рухтанып кетемін. Жарысқа қатысқым келіп, делебем қозып тұрады. Сондай ауыр затты аспанға көтергенде ата-бабамның рухы дем беріп, күш беріп, қолдап тұратын сияқты. Жалпы мұндай ұлттық өнерді дәріптеуде еркек, әйел деп бөлу ағаттық. Қазақта батыр қыздар да көп, олар салған сара жолды жалғастырмасақ бізге сын", - дейді Айым Нұржанқызы.Қой көтеріп, "әп бәрекелді" дегізген қыздың тілегі – ұлттық спортты мектеп бағдарламасына қосса дейді."Әсіресе спортшы қыз балаларды қолдаса деймін, өйткені олардың спорт жолындағы уақыты өте аз болады. Сосын дене шынықтыру сабағына тоғыз құмалақ, бес тас, гір көтеру, қол күресі сияқты ұлттық спорт түрлерін енгізгенін қалаймын, оқушы ұлттық спортпен мектеп қабырғасында, яғни кішкентай кезінен шұғылдануы керек", - дейді Айым.Айым қазіргі күні бала күтіміне қатысты еңбек демалысында отыр. Бір ұлдың анасы, кішкентай сәбиінің атын қазақтың батыры болсын деп Батырхан қойдым дейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51915595_0:13:829:634_1920x0_80_0_0_199330932647d81ce952efe385102870.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
наурыз мейрамы, қой
"Қойды алып кеттім": Елді таңғалдырған келіншек балуандық қасиет қайдан дарығанын айтты
09:23 26.03.2025 (жаңартылды: 10:19 26.03.2025) 25 жастағы риддерлік келіншек салмағы 55 кг болатын қойды 100 рет көтерді
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 25 жастағы тұрғыны Айым Нұржанқызы салмағы 55 кг болатын қойды 100 рет көтеріп, талайды таңғалдырды. Бұл оқиға Наурыз мерекесі кезінде болған.
Sputnik Қазақстан тілшісі балуан қыздың кім екенін, қандай арман-тілегі бар екенін сұрап білді.
Қой көтеріп, күш сынаған Айымды ел әлеуметтік желі арқылы танып жатыр.
"Ең алғаш қойды 2018 жылы көтерген едім. Семейдегі Шәкәрім атындағы университетте агрокөрме болған, сол жерде қойды 111 рет көтердім. Ол кезде отбасымызда ақ түйенің қарны жарылған қуаныш болды. Анам бес қыздан кейін өмірге ұл әкелді. Сол кезде қатты рухтанып, күшім бойыма сыймай қойды көтеріп бағымды сынадым. Жалпы гір тасын көтеріп, спортпен шұғылданған адаммын. Бірақ бала күнімнен емес, университет қабырғасынан бастадым. Алғаш сол қой көтергеннен бастап джиу-джитсумен айналыса бастадым", - дейді Айым Нұржанқызы.
Өкінішке қарай Айым жаттығу кезінде жарақат алып, спортпен толыққанды шұғылдануға мүмкіндігі болмаған.
"Осы Наурыз мерекесінде қойды 100 рет көтердім. Бас жүлде деп сол көтерген қойды қанжығама байлады. Жалпы пандемия кезінде сіңлім Ұлжан екеуміз спортпен қатты айналыстық. Ол - Қазақстан чемпионы, гірді 228 рет көтеріп, чемпион атанған. Ал бапкеріміз - Еркебұлан Төлеуханов", - дейді балуан қыз.
Айымның айтуынша, балуандық қанмен дарыған қасиет, өйткені әке-шешесі мен ата-бабасы нар тұлғалы, ірі адамдар болған.
"Осындай жарыстарға қатыссам рухтанып кетемін. Жарысқа қатысқым келіп, делебем қозып тұрады. Сондай ауыр затты аспанға көтергенде ата-бабамның рухы дем беріп, күш беріп, қолдап тұратын сияқты. Жалпы мұндай ұлттық өнерді дәріптеуде еркек, әйел деп бөлу ағаттық. Қазақта батыр қыздар да көп, олар салған сара жолды жалғастырмасақ бізге сын", - дейді Айым Нұржанқызы.
Қой көтеріп, "әп бәрекелді" дегізген қыздың тілегі – ұлттық спортты мектеп бағдарламасына қосса дейді.
"Әсіресе спортшы қыз балаларды қолдаса деймін, өйткені олардың спорт жолындағы уақыты өте аз болады. Сосын дене шынықтыру сабағына тоғыз құмалақ, бес тас, гір көтеру, қол күресі сияқты ұлттық спорт түрлерін енгізгенін қалаймын, оқушы ұлттық спортпен мектеп қабырғасында, яғни кішкентай кезінен шұғылдануы керек", - дейді Айым.
Айым қазіргі күні бала күтіміне қатысты еңбек демалысында отыр. Бір ұлдың анасы, кішкентай сәбиінің атын қазақтың батыры болсын деп Батырхан қойдым дейді.