https://sputnik.kz/20250326/qazaqstanda-kuldin-quramy-onerkasip-talaptaryna-saykes-kelmeydi--ministr-51918311.html
Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді – министр
Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді – министр
Sputnik Қазақстан
Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін қосымша тазалау және қайта өңдеу қажет 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T11:22+0500
2025-03-26T11:22+0500
2025-03-26T11:22+0500
күл
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38063679_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_7c718de5d00370b165f0959574d32e0b.jpg
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді. Өйткені құрамында жанбайтын қоспалар бар. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.Қазақстанда қазіргі күні 227 электр станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде көмірді негізгі отын ретінде пайдаланатын ірі энергия өндіруші ұйымдардың саны – 21.Бұл энергия өндіруші ұйымдар ауданы 18,2 мың гектар 27 күл үйіндісін пайдаланады. Күл үйінділерінің жалпы көлемі – 8,23 млрд текше метр. Былтыр күлді өңдеумен айналысатын компаниялар 69,2 мың тонна күлді өңдеді.Күлді өңдеудің негізгі бағыты – цемент пен бетон өндіру саласы.Алайда Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді.Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін қосымша тазалау және қайта өңдеу қажет. Сонда ғана өнімнің құны артады."Жалпы Қазақстанда күл-қож қалдықтарының көлемі едәуір жиналды, алайда қайта өңдеу деңгейі төмен. Негізгі проблемалар күлдің сапасына байланысты, осыған орай күл өңдеуге сұраныс төмен", - дейді министр.Ал өңдеу үшін дамыған инфрақұрылым жоқ."Қазақстанда күлді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар аз, өңдеуді ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар немесе экономикалық ынталандырулар жоқ. Күлді тиімді пайдалану үшін жинау және логистика жүйесі де жоқ", - дейді Ақкенженов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38063679_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c257847710b7c9301047aa4323d5f923.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күл, қоқыс
Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді – министр
Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін қосымша тазалау және қайта өңдеу қажет
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді. Өйткені құрамында жанбайтын қоспалар бар. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
Қазақстанда қазіргі күні 227 электр станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде көмірді негізгі отын ретінде пайдаланатын ірі энергия өндіруші ұйымдардың саны – 21.
Бұл энергия өндіруші ұйымдар ауданы 18,2 мың гектар 27 күл үйіндісін пайдаланады. Күл үйінділерінің жалпы көлемі – 8,23 млрд текше метр. Былтыр күлді өңдеумен айналысатын компаниялар 69,2 мың тонна күлді өңдеді.
Күлді өңдеудің негізгі бағыты – цемент пен бетон өндіру саласы.
Алайда Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді.
"Қазақстандық жылу энергия орталықтары мен мемлекеттік аудандық электр станциялары негізінен құрамында жанбайтын қоспалары жоғары қоңыр және тас көмір арқылы жұмыс істейді. Сондай-ақ күл-қож қалдықтарында күкірт қосылыстары мен ауыр металдар: сынап, қорғасын, мышьяк бар, бұл құрылыстағы күлдің құнын төмендетеді", - дейді энергетика министрі.
Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін қосымша тазалау және қайта өңдеу қажет. Сонда ғана өнімнің құны артады.
"Жалпы Қазақстанда күл-қож қалдықтарының көлемі едәуір жиналды, алайда қайта өңдеу деңгейі төмен. Негізгі проблемалар күлдің сапасына байланысты, осыған орай күл өңдеуге сұраныс төмен", - дейді министр.
Ал өңдеу үшін дамыған инфрақұрылым жоқ.
"Қазақстанда күлді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар аз, өңдеуді ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар немесе экономикалық ынталандырулар жоқ. Күлді тиімді пайдалану үшін жинау және логистика жүйесі де жоқ", - дейді Ақкенженов.