Павлодар облысында жасөспірім көлікпен жол апатына түсті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жатқызылды
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Павлодардың Жасыбай - Баянауыл автожолында жол апаты болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Көлік рөлінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырған.
"25 наурызда Жасыбай - Баянауыл автожолында Lada автомашинасының кәмелетке толмаған жүргізушісі Баянауыл ауылына қарай жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жыраға аударылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Ақтөбеде 8 адам көлікте өртеніп кетті: жол апатына қатысты тың ақпарат шықты
Жаңалықтар
0