https://sputnik.kz/20250326/ontustik-koreyada-ortten-18-adam-qaza-tapty-51915804.html
Оңтүстік Кореяда өрттен 18 адам қаза тапты
Оңтүстік Кореяда өрттен 18 адам қаза тапты
Sputnik Қазақстан
Қатты соққан жел мен құрғақшылық тілсіз жауды өршітіп тұр 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T09:58+0500
2025-03-26T09:58+0500
2025-03-26T09:58+0500
оңтүстік корея
өрт
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51914613_0:52:740:468_1920x0_80_0_0_5d0c21a7bf3c9728780192ef1139a800.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореядағы өрт кезінде 18 адам қаза тапты, тағы бір адам жоғалып кеткен, деп хабарлады Рёнхап жаңалықтар агенттігі.Олардың көпшілігі өрт аймағынан уақытында шыға алмай, тұншығып өлген. Янъян округінде тірідей өртеніп кеткен төрт адамның денесі табылды. Оңтүстік-шығыстағы алапат өрт осымен алтыншы күн сөндіріліп жатыр. Қатты соққан жел мен құрғақшылық тілсіз жауды өршітіп тұр, деп хабарлады агенттік.Жергілікті билік бұл өртті "ел тарихындағы ең қорқынышты төтенше жағдай" деп атады. Тілсіз жаудың салдарынан 17 мың гектар орман, 209 үй мен фабрика өртеніп кетті. Бірнеше тарихи буддистік ғибадатханалар отқа оранды. 27 мың адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 5 мыңға жуық әскери қызметші мен 146 тікұшақ жұмылдырылған.
https://sputnik.kz/20250325/zhanaozendegi-ort-kezinde-zardap-shekken-qutqarushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-51910489.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1a/51914613_0:0:711:533_1920x0_80_0_0_a77d046b66652c498cf6395aa81dfd2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, өрт
Оңтүстік Кореяда өрттен 18 адам қаза тапты
Қатты соққан жел мен құрғақшылық тілсіз жауды өршітіп тұр
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореядағы өрт кезінде 18 адам қаза тапты, тағы бір адам жоғалып кеткен, деп хабарлады Рёнхап жаңалықтар агенттігі.
Олардың көпшілігі өрт аймағынан уақытында шыға алмай, тұншығып өлген. Янъян округінде тірідей өртеніп кеткен төрт адамның денесі табылды. Оңтүстік-шығыстағы алапат өрт осымен алтыншы күн сөндіріліп жатыр. Қатты соққан жел мен құрғақшылық тілсіз жауды өршітіп тұр, деп хабарлады агенттік.
Жергілікті билік бұл өртті "ел тарихындағы ең қорқынышты төтенше жағдай" деп атады. Тілсіз жаудың салдарынан 17 мың гектар орман, 209 үй мен фабрика өртеніп кетті. Бірнеше тарихи буддистік ғибадатханалар отқа оранды. 27 мың адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 5 мыңға жуық әскери қызметші мен 146 тікұшақ жұмылдырылған.