Маусымда Си Цзиньпин Астанаға келеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСи Цзиньпин
Си Цзиньпин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Қытай Халық Республикасының төрағасы екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын айтты.

"Президент маусым айында екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Тоқаев еліміздің "біртұтас Қытай" саясатына бейіл екенін растады.
Лю Цзяньчаоның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Тоқаев Кирсти Ковентриді ХОК президенті болып сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар
0