https://sputnik.kz/20250326/deputat-kanada-men-norvegiyanyn-zherge-qatysty-tazhiribesin-engizudi-usyndy-51920451.html
Депутат Канада мен Норвегияның жерге қатысты тәжірибесін енгізуді ұсынды
Депутат Канада мен Норвегияның жерге қатысты тәжірибесін енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жергілікті тұрғындарға түрлі жеңілдіктер берілуі мүмкін 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T12:05+0500
2025-03-26T12:05+0500
2025-03-26T12:05+0500
шекара
қазақстан
жеңілдіктер
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29882581_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_10c95693f852cc9f1e5630460375b518.jpg.webp
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров шекаралық аудандарға қатысты шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде шекаралық аймақтарда 65 аудан бар. Онда 3,5 млн адам тұрады. Ал шекараның түбінде, яғни шекарадан 50 шақырымдық аралықта 1,7 млн халық тұратын 1 283 елді мекен орналасқан. Алайда бүгінде стратегиялық маңызы бар шекара маңындағы аудандарда халық саны азайып кеткен.Оның айтуынша, шекара маңындағы жерге көшіп барған азаматтарға салықтық, әлеуметтік, несиелік, энергетикалық және тағы басқа жеңілдіктер беруге болады."Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы" арнайы заң қабылдау өте маңызды. Бұл заң қабылданса, ел аумағын тиімді пайдалануға, шекаралық аудандарды мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге түсіруге, халықтың шекаралық аумақтарда тұрақтануына, өңірдің дамуына және аумақтық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге зор серпін береді",-деп атап өтті депутат.Сайыров депутаттық сауалын үкіметке жолдап, осы мәселені шұғыл қарастыруды талап етті.
https://sputnik.kz/20240222/uqk-shekara-qyzmeti-nelikten-ush-elmen-shekarada-kolik-keptelisi-bolganyn-tusindirdi-42447176.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29882581_66:0:1203:853_1920x0_80_0_0_439dfc71173080cbc3b1c0ce246b55dc.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, қазақстан, жеңілдіктер
шекара, қазақстан, жеңілдіктер
Депутат Канада мен Норвегияның жерге қатысты тәжірибесін енгізуді ұсынды
Шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жергілікті тұрғындарға түрлі жеңілдіктер берілуі мүмкін
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров шекаралық аудандарға қатысты шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде шекаралық аймақтарда 65 аудан бар. Онда 3,5 млн адам тұрады. Ал шекараның түбінде, яғни шекарадан 50 шақырымдық аралықта 1,7 млн халық тұратын 1 283 елді мекен орналасқан. Алайда бүгінде стратегиялық маңызы бар шекара маңындағы аудандарда халық саны азайып кеткен.
"Бос жатқан жер жау шақырады" деген. Сондықтан бұл маңызды мәселеге жіті назар аударып, оны тиімді шешу жолдарын шұғыл қарастырғанымыз жөн. Мәселен, аумағы үлкен және халқы аз Канада, Норвегия және Австралия сияқты елдердің тәжірибесі шалғайдағы және шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жергілікті тұрғындарға түрлі жеңілдіктер беру тиімді екенін көрсетеді", - деді Сайыров мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, шекара маңындағы жерге көшіп барған азаматтарға салықтық, әлеуметтік, несиелік, энергетикалық және тағы басқа жеңілдіктер беруге болады.
"Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы" арнайы заң қабылдау өте маңызды. Бұл заң қабылданса, ел аумағын тиімді пайдалануға, шекаралық аудандарды мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге түсіруге, халықтың шекаралық аумақтарда тұрақтануына, өңірдің дамуына және аумақтық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге зор серпін береді",-деп атап өтті депутат.
Сайыров депутаттық сауалын үкіметке жолдап, осы мәселені шұғыл қарастыруды талап етті.