https://sputnik.kz/20250326/500-mynnan-astam-adam-ushin-meditsinalyq-saqtandyru-zharnasy-ulgayady-51933349.html
500 мыңнан астам адам үшін медициналық сақтандыру жарнасы ұлғаяды
500 мыңнан астам адам үшін медициналық сақтандыру жарнасы ұлғаяды
Sputnik Қазақстан
Ең жоғары аударымдар 85 мың теңгені құрайды 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T17:36+0500
2025-03-26T17:36+0500
2025-03-26T17:36+0500
жарна
медицина
https://sputnik.kz/img/533/79/5337967_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_856f00b77e74cd4789e91918b78beb87.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Келесі жылдан бастап жарты миллионнан астам адам үшін медициналық сақтандыру жарнасының мөлшерін өзгерту ұсынылып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін министр депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды. Соның бірі - МӘМС жүйесіне жарнаны есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны 10 ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру ұсынылып отыр.Оның айтуынша, бүгінде табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді. Мәселен, 150 мың теңге алатын адам мен жалақысы 4,2 миллион теңгені құрайтын маманның жарнасы бірдей. Ондайда әлеуметтік теңдік пен әділеттілік қағидаты сақталмайды. Ал жарнаны есептеу үшін базаның жоғарғы шегін 50 ең төменгі жалақыға арттырғаннан кейін 4,2 миллион теңгенің жалақысына дейін прогрессивті шкала болады. Ал ең жоғары аударымдар 85 мың теңгені құрайды.Осылайша, қазіргі ұсыныстар қабылданса, келесі жылдан бастап 508 мың адам үшін медициналық жарна көлемі өседі.
https://sputnik.kz/20241011/aleumettik-meditsinalyq-saqtandyru-qorynynyn-11-lauazymdy-tulgasy-zhauapqa-tartyldy-47771242.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/533/79/5337967_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1ae57c65cff4ded6c7ec327d2ddeace8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарна, медицина
500 мыңнан астам адам үшін медициналық сақтандыру жарнасы ұлғаяды
Ең жоғары аударымдар 85 мың теңгені құрайды
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Келесі жылдан бастап жарты миллионнан астам адам үшін медициналық сақтандыру жарнасының мөлшерін өзгерту ұсынылып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін министр депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды. Соның бірі - МӘМС жүйесіне жарнаны есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны 10 ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру ұсынылып отыр.
"Бұл өзгерістер барлық жалдамалы жұмысшы мен оларға жұмыс берушілердің шамамен 9 процентіне әсер етеді", - деді Әлназарова.
Оның айтуынша, бүгінде табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді. Мәселен, 150 мың теңге алатын адам мен жалақысы 4,2 миллион теңгені құрайтын маманның жарнасы бірдей. Ондайда әлеуметтік теңдік пен әділеттілік қағидаты сақталмайды. Ал жарнаны есептеу үшін базаның жоғарғы шегін 50 ең төменгі жалақыға арттырғаннан кейін 4,2 миллион теңгенің жалақысына дейін прогрессивті шкала болады. Ал ең жоғары аударымдар 85 мың теңгені құрайды.
Осылайша, қазіргі ұсыныстар қабылданса, келесі жылдан бастап 508 мың адам үшін медициналық жарна көлемі өседі.