https://sputnik.kz/20250326/1-millionnan-astam-adamnyn-zharnasy-akimdikter-esebinen-tolenui-mumkin-51931010.html
1 миллионнан астам адам үшін жарна әкімдіктер есебінен төленуі мүмкін
1 миллионнан астам адам үшін жарна әкімдіктер есебінен төленуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда шамамен 16,7 млн адам сақтандырылған 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T16:21+0500
2025-03-26T16:21+0500
2025-03-26T16:22+0500
сақтандыру
министрлік
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_24:0:3665:2048_1920x0_80_0_0_5bde89c11bc4eac9eac2fba2ae18ebb2.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру жарнасы кімдер үшін әкімдік есебінен төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Қазақстанда шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылған. Ал 3,3 млн адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.Соның ішінде 2,4 млн адамның өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық болса, 1 млн адам отбасының базалық қажеттіліктерін әрең жауып жүр.Бүгін министр депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды."Бұдан басқа, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын төлеу шығыстарын жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады. Осы шаралардың есебінен, 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам адам қамтылады деп күтеміз. Бұл дегеніміз, азаматтардың 5%-ы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді деген сөз", - деді Әлназарова.
https://sputnik.kz/20250127/meditsinalyq-saqtandyru-khalyqtyn-qansha-aqshasyn-unemdeydi-50306224.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_479:0:3210:2048_1920x0_80_0_0_44e795c57adff6054c90ac5111186909.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сақтандыру, министрлік
1 миллионнан астам адам үшін жарна әкімдіктер есебінен төленуі мүмкін
16:21 26.03.2025 (жаңартылды: 16:22 26.03.2025) Қазақстанда шамамен 16,7 млн адам сақтандырылған
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру жарнасы кімдер үшін әкімдік есебінен төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылған. Ал 3,3 млн адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.
Соның ішінде 2,4 млн адамның өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық болса, 1 млн адам отбасының базалық қажеттіліктерін әрең жауып жүр.
"Осы санаттағы азаматтар үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес жарналардың төленуі тиісті медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктеуді ұсынылады" , - деді Әлназарова мәжілісте өткен отырыста.
Бүгін министр депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды.
"Бұдан басқа, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын төлеу шығыстарын жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады. Осы шаралардың есебінен, 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам адам қамтылады деп күтеміз. Бұл дегеніміз, азаматтардың 5%-ы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді деген сөз", - деді Әлназарова.