Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша жаңа стандарт енгізіледі

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКВсемирный День здоровья полости рта проводится в школах Казахстана
Всемирный День здоровья полости рта проводится в школах Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Оқу-ағарту министрлігі "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі. Құжат арнайы білім берудің шарттарына, сапасы мен мазмұнына қойылатын талаптар және қолдау көрсетуге жауапты ұйымдар мен мамандардың қызметін реттейді.
"Бұйрық жобасы арқылы балалардың барлық санаттары сапалы біліммен қамтамасыз етіледі. Қазір сондай-ақ "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы" Заң әзірленуде. Ол балалар мен отбасыларын ведомствоаралық сүйемелдеудің институционалдық және құқықтық тетіктерін қамтитын болады", - деп атап өтті инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы министрлік инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы нормативтік базаға кешенді талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 15 нормативтік-құқықтық акт бекітіліп, нәтижесінде балаларға туғаннан бастап мамандық алғанға дейінгі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі моделі енгізілді. Қолдау кабинеттеріне жаңа талаптар белгіленді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жеке бағдарламалары әзірленді, педагог-ассистент, арнайы педагог және жеке көмекші сияқты жаңа лауазымдар енгізілді.
Жаңалықтар
0