https://sputnik.kz/20250325/almatyda-2-500-balaga-arnalgan-zamanaui-ortalyq-ashyldy-51912437.html
Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи орталық ашылды
Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи орталық ашылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи "Шабыт" даму орталығы ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік. 25.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-25T20:50+0500
2025-03-25T20:50+0500
2025-03-25T20:50+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/19/51909505_0:76:480:346_1920x0_80_0_0_42150f13225f383b7868a06757e4ea5b.png.webp
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи "Шабыт" даму орталығы ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Алматының Алмалы ауданында 1951 жылы салынған ескі Оқушылар үйінің орнына жаңа "Шабыт" балаларды дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталықта 2 500-ден астам оқушы білім алып, шығармашылықпен айналысады.Жаңа орталық заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған: интерактивті панельдер, моноблоктар, ноутбуктер, сондай-ақ, техникалық, музыкалық, көркемдік және спорттық бағыттарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылған.Мұнда мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр, 25 метрлік жолағы бар жүзу бассейні, арт-студия, хореография залы, робототехника кабинеті, тігін шеберханасы және музыкалық сыныптар бар.Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері, бет-әлпетті тану арқылы кіретін турникеттер, өртке және төтенше жағдайға арналған дабыл жүйелері орнатылған.Орталық аумағында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймағы салынып, көгалдандырылған.Айта кетейік, "Шабыт" балаларды дамыту орталығында мектеп жасындағы балалар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық-сауықтыру сынды бағыттар бойынша білім ала алады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/19/51909505_0:31:480:391_1920x0_80_0_0_1f5e76da272c186784070c49c4a33abe.png.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи "Шабыт" даму орталығы ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматының Алмалы ауданында 1951 жылы салынған ескі Оқушылар үйінің орнына жаңа "Шабыт" балаларды дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталықта 2 500-ден астам оқушы білім алып, шығармашылықпен айналысады.
"Бұрын бұл жерде №2 Оқушылар үйі болған, алайда ғимарат ескіріп, заманауи стандартқа сай келмей қалған. Ескі ғимарат бұзылып, жаңа ғимарат бой көтерді. Нәтижесінде оқушылар үйінің жалпы аумағы 1 415 шаршы метрден 3 414 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал жобалық қуаты 1 200 баладан 2 500 балаға дейін артты", - дейді әкімдік.
Жаңа орталық заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған: интерактивті панельдер, моноблоктар, ноутбуктер, сондай-ақ, техникалық, музыкалық, көркемдік және спорттық бағыттарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылған.
Мұнда мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр, 25 метрлік жолағы бар жүзу бассейні, арт-студия, хореография залы, робототехника кабинеті, тігін шеберханасы және музыкалық сыныптар бар.
Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері, бет-әлпетті тану арқылы кіретін турникеттер, өртке және төтенше жағдайға арналған дабыл жүйелері орнатылған.
Орталық аумағында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймағы салынып, көгалдандырылған.
Айта кетейік, "Шабыт" балаларды дамыту орталығында мектеп жасындағы балалар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық-сауықтыру сынды бағыттар бойынша білім ала алады.