https://sputnik.kz/20250324/tort-mynnan-astam-adamnan-tuberkulez-anyqtaldy-51896416.html
Төрт мыңнан астам адамнан туберкулез анықталды
Төрт мыңнан астам адамнан туберкулез анықталды
Sputnik Қазақстан
Соңғы 6 жылда сырқаттану көрсеткіші 27%-ке төмендеді 24.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-24T19:36+0500
2025-03-24T19:36+0500
2025-03-24T19:36+0500
туберкулез
https://sputnik.kz/img/232/90/2329016_0:170:3002:1859_1920x0_80_0_0_d60a48e85cd4276411b820471fc1a94a.jpg
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 2024 жылы флюрографиядан өткен 5,6 млн адамның 4 мыңнан астамынан туберкулез анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізудің арқасында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанғандар саны төмендеген."Соңғы 6 жылда сырқаттану көрсеткіші 27%-ке төмендеді. Ал бұл аурудан болатын өлім көрсеткіші 50%-ке азайған. 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 4%-ке, ал өлім көрсеткіші 16,7%-ке төмендеді", - дейді министрлік.Молекулалық-генетикалық диагностика (ПТР) – жоғары сезімтал экспресс-әдістердің көмегімен 88 000-нан астам адам тексеріліп, 8083-інде (9,1%) диагноз расталған.Айта кетері, 24 наурыз - дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәметінше, жыл сайын 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырады. Ал шамамен 1,5 миллион адам ажал құшады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/232/90/2329016_136:0:2867:2048_1920x0_80_0_0_d802cb5dba5f776bd704a395a9856f0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туберкулез
Төрт мыңнан астам адамнан туберкулез анықталды
Соңғы 6 жылда сырқаттану көрсеткіші 27%-ке төмендеді
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 2024 жылы флюрографиядан өткен 5,6 млн адамның 4 мыңнан астамынан туберкулез анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Былтыр флюорография әдісімен 5 624 782 адам зерттеліп, 4016 адамнан туберкулез анықталған", - деп жазылған хабарламада.
Диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізудің арқасында Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанғандар саны төмендеген.
"Соңғы 6 жылда сырқаттану көрсеткіші 27%-ке төмендеді. Ал бұл аурудан болатын өлім көрсеткіші 50%-ке азайған. 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 4%-ке, ал өлім көрсеткіші 16,7%-ке төмендеді", - дейді министрлік.
Молекулалық-генетикалық диагностика (ПТР) – жоғары сезімтал экспресс-әдістердің көмегімен 88 000-нан астам адам тексеріліп, 8083-інде (9,1%) диагноз расталған.
Айта кетері, 24 наурыз - дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәметінше, жыл сайын 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырады. Ал шамамен 1,5 миллион адам ажал құшады.