https://sputnik.kz/20250324/reseydegi-qazaqtar-nauryz-meyramyn-toylap-zhatyr-51901043.html
Ресейдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр
Ресейдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі "Қазақстан" павильонында "Наурыз: игі бастамалар уақыты" мерекесі өтті, деп... 24.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-24T17:55+0500
2025-03-24T17:55+0500
2025-03-24T18:14+0500
наурыз мейрамы
шетелдегі қазақтар
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51896729_0:99:1280:819_1920x0_80_0_0_e82ca6f0a0dc3fcc4688dab0fa4d2157.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі "Қазақстан" павильонында "Наурыз: игі бастамалар уақыты" мерекесі өтті, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.Кештің мәдени бағдарламасында опера әншісі, "Астана Опера" театрының солисі Расул Жармағамбетов және "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.Губернатор Александр Беглов Санкт-Петербург тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады."Мәдени алуан түрлілік - қаламыздың игілігі. Ұлттық ұжымдардың концерттері, сәндік-қолданбалы өнер және халық қолөнерінің көрмелері Солтүстік астанадағы Наурыз мерекесіне орайластырылған. Бұл мерекенің мыңжылдық дәстүрі Ресей халықтарының рухани және мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналады", - деді Беглов.Санкт-Петербургтің Жастар үйінде түркі, кавказ және парсы халықтары ұлттық бірлестіктерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы "Атамекен" қазақ ұлттық-мәдени автономиясының атынан "Достар" жастар қанаты өнер көрсетті, ал "Арай" хореографиялық тобы "Адай шай" ұлттық биін биледі.Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин де облыс тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады:Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай жыл сайын мерекелік шаралар өткізілетін Астрахань мемлекеттік университетінде де мейрам тойланды. Бұл жолы студенттер әлемнің түрлі халықтарының бірегей мәдениетін паш ететін концерт дайындады.Дәстүр бойынша Наурыз мейрамы Қазанда кең көлемде аталып өтеді - Қазан ипподромындағы мерекеге 9 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Татарстанның Қазақ автономиясы Жастар қанатының белсенділері қонақтарға бауырсақ пен қазыдан дәм татқызып, домбырамен ән салып, қара жорға биінен шеберлік сабағын өткізді.Орынбор облысының Орск қаласында мерекелік концерт өтті, онда қала басшысы Артем Воробьев тұрғындарды құттықтап, баршаға бақыт, жақсылық пен бақ-береке тіледі."Адамас", "Славяне", "Армения жауһары", "Фройндшафт", "Шашу", "Ляйсан", "Қарлығаш", "Әлем" шығармашылық топтары көрермендерге өздерінің ең жақсы әндері мен билерін орындады.Алтай Республикасының астанасы Таулы Алтайда орталық алаңда халықтық серуен, ұлттық ұжымдардың концерті ұйымдастырылды. Қос ағаш ауданында мерекенің ашылу салтанатына мыңдаған адам қатысты.Кеше облыста аудандағы еңбек ұжымдарының "Қамажай" биіне челленджі және "Күй күмбірі" атты онлайн байқау басталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51896729_79:0:1216:853_1920x0_80_0_0_50e933c892613b58a02289f634f95781.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, шетелдегі қазақтар
наурыз мейрамы, шетелдегі қазақтар
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі "Қазақстан" павильонында "Наурыз: игі бастамалар уақыты" мерекесі өтті, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Кештің мәдени бағдарламасында опера әншісі, "Астана Опера" театрының солисі Расул Жармағамбетов және "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.
Губернатор Александр Беглов Санкт-Петербург тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
"Мәдени алуан түрлілік - қаламыздың игілігі. Ұлттық ұжымдардың концерттері, сәндік-қолданбалы өнер және халық қолөнерінің көрмелері Солтүстік астанадағы Наурыз мерекесіне орайластырылған. Бұл мерекенің мыңжылдық дәстүрі Ресей халықтарының рухани және мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналады", - деді Беглов.
Санкт-Петербургтің Жастар үйінде түркі, кавказ және парсы халықтары ұлттық бірлестіктерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы "Атамекен" қазақ ұлттық-мәдени автономиясының атынан "Достар" жастар қанаты өнер көрсетті, ал "Арай" хореографиялық тобы "Адай шай" ұлттық биін биледі.
Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин де облыс тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады:
"Біздің өңіріміз – бірегей. Мұнда ондаған ұлт қоныстанған. Біз өмірді нұрлы және қызықты ететін дәстүрлеріміздің байлығын және алуан түрлілігін мақтан тұтамыз. Біз барлық мерекені бірге тойлаймыз", - деп құттықтады Бабушкин.
Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай жыл сайын мерекелік шаралар өткізілетін Астрахань мемлекеттік университетінде де мейрам тойланды. Бұл жолы студенттер әлемнің түрлі халықтарының бірегей мәдениетін паш ететін концерт дайындады.
Дәстүр бойынша Наурыз мейрамы Қазанда кең көлемде аталып өтеді - Қазан ипподромындағы мерекеге 9 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Татарстанның Қазақ автономиясы Жастар қанатының белсенділері қонақтарға бауырсақ пен қазыдан дәм татқызып, домбырамен ән салып, қара жорға биінен шеберлік сабағын өткізді.
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Наурыз Қазанда тойланып жатыр
Орынбор облысының Орск қаласында мерекелік концерт өтті, онда қала басшысы Артем Воробьев тұрғындарды құттықтап, баршаға бақыт, жақсылық пен бақ-береке тіледі.
"Адамас", "Славяне", "Армения жауһары", "Фройндшафт", "Шашу", "Ляйсан", "Қарлығаш", "Әлем" шығармашылық топтары көрермендерге өздерінің ең жақсы әндері мен билерін орындады.
Алтай Республикасының астанасы Таулы Алтайда орталық алаңда халықтық серуен, ұлттық ұжымдардың концерті ұйымдастырылды. Қос ағаш ауданында мерекенің ашылу салтанатына мыңдаған адам қатысты.
Кеше облыста аудандағы еңбек ұжымдарының "Қамажай" биіне челленджі және "Күй күмбірі" атты онлайн байқау басталды.