Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Жазылу
"ВАЗ" маркалы автокөліктің жолаушылары мен жүргізуші алған жарақатынан көз жұмды
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының Степногорск қаласында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Степногорск-Заводская кентінің" автожолында "ВАЗ" маркалы автомобиль және "YUTONG" автобусы соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қайтыс болды.
"Апат салдарынан "ВАЗ" маркалы автокөліктің жолаушылары мен жүргізуші алған жарақатынан қайтыс болды. "ВАЗ" автокөлігінің екі кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп атап өтті полиция.
ДТП на трассе в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Түркістан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0