Танымал кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

Александр Машкевич 72 жасында дүиеден өтті
Александр Машкевич 72 жасында дүиеден өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Бұл ақпаратты ERG компаниясы растады
АСТАНА, 22 наурыз– Sputnik. Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы, танымал кәсіпкерАлександр Машкевич 72жасында дүиеден өтті.
Бұл ақпаратты ERG компаниясы растады.
"2025 жылы наурыздың 22-і күн танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Машкевич 72 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген компания хабарламасында.
Компания кәсіпкердің қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты.
Машкевич Қазақстандағы ең танымал кәсіпкерлердің бірі болды. Ол 2014 – 2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group Директорлары кеңесіне төрағалық етен. Сондай-ақ, А. Машкевич ұзақ жылдар бойы "Еуразиялық банк" АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы болды.
Жаңалықтар
0