Көкшетауда да рекорд тіркелді: кимешек киген аналар шеруі өтті

© Ақмола облысының әкімдігіКөкшетауда 1600 әйелдің қатысуымен кимешек шеруі өтті
Көкшетауда 1600 әйелдің қатысуымен кимешек шеруі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Көкшетауда ұлттық дәстүрімізді дәріптеген ерекше шара өтті. Кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігі.
Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.
Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, өнер адамдары мен өзге де сала өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шараға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген нәзікжандылар да қосылды.
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков шеруді рекорд ретінде тіркеп, Ақмола облысының әкіміне арнайы сертификат табыстады.
© Ақмола облысының әкімдігіКөкшетауда кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді
Көкшетауда кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Көкшетауда кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді
"Бүгін 1600 ана кимешек киіп, ұлттық дәстүріміздің мәртебесін асқақтатты. Бұл – ел тарихындағы айрықша оқиға", – деді ол.
"Ақ кимешек" шеруі Абылай хан алаңындағы басты сахнада LED-экран арқылы тікелей эфирден көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.
Жаңалықтар
0