https://sputnik.kz/20250322/bes-mynnan-astam-adam-qazaqtyn-ulttyq-kiimin-kidi-mangystaulyqtar-rekord-ornatty-51863798.html
Маңғыстауда бес мыңнан астам адам ұлттық киім киіп, рекорд орнатты
Маңғыстауда бес мыңнан астам адам ұлттық киім киіп, рекорд орнатты
Sputnik Қазақстан
"Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы" номинациясы бойынша Гиннесс рекорды орнады 22.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-22T14:16+0500
2025-03-22T14:16+0500
2025-03-22T15:01+0500
маңғыстау облысы
киім-кешек
рекорд
гиннесс рекордтар кітабы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51863452_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_c4be58530740fa3bcc74aa011ef83a72.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Маңғыстауда ұлттық киімнен әлемдік рекорд орнады, деп хабарлады облыстық әкімдік.Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, "Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы" номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты."Best Fest Nauryz" атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға өз үлестерін қосты. Олардың қатарында түрлі сала мамандары, этнос өкілдері, қариялар, сондай-ақ өңірдің шалғай ауылдары мен еліміздің өзге облыс, қалаларынан арнайы келген тұрғындар да бар.Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар арнайы жасақталған алаңға жиналып, Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған санау нәтижесінде, қойылған талаптардың толық орындалғаны расталып, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд иесі атанғанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды.Осылайша, қазақтың ұлттық киімі Гиннесс рекордтар кітабына енді.Облыс әкіміне арнайы сертификатты табыстаған Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілі Ричард Стэннинг тамаша нәтижеге қол жеткізген қазақ халқын құттықтады.Наурыз мерекесіне орай Ақтауда теңіз жағалауында 30 киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/16/51863452_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_e1f40aa7c60c173afe241a5b89af9e1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, киім-кешек, рекорд, гиннесс рекордтар кітабы
маңғыстау облысы, киім-кешек, рекорд, гиннесс рекордтар кітабы
Маңғыстауда бес мыңнан астам адам ұлттық киім киіп, рекорд орнатты
14:16 22.03.2025 (жаңартылды: 15:01 22.03.2025) "Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы" номинациясы бойынша Гиннесс рекорды орнады
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Маңғыстауда ұлттық киімнен әлемдік рекорд орнады, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, "Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы" номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты.
"Best Fest Nauryz" атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға өз үлестерін қосты. Олардың қатарында түрлі сала мамандары, этнос өкілдері, қариялар, сондай-ақ өңірдің шалғай ауылдары мен еліміздің өзге облыс, қалаларынан арнайы келген тұрғындар да бар.
Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар арнайы жасақталған алаңға жиналып, Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған санау нәтижесінде, қойылған талаптардың толық орындалғаны расталып, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд иесі атанғанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды.
Осылайша, қазақтың ұлттық киімі Гиннесс рекордтар кітабына енді.
Облыс әкіміне арнайы сертификатты табыстаған Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілі Ричард Стэннинг тамаша нәтижеге қол жеткізген қазақ халқын құттықтады.
"Құрметті қазақстандықтар, халқыңыздың басты мерекесі - Наурыз мейрамында рекорд жасадыңыздар. Бүгін қазақ елінің салт-дәстүрге берік екеніне, рухты, талғамы жоғары халық екеніне куә болдым. Шара да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тарихи оқиға жасауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!" - деді Ричард Стэннинг.
Наурыз мерекесіне орай Ақтауда теңіз жағалауында 30 киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.