Қазақстанда Наурыз есімді қанша полицей қызметте жүр

Теміржолдағы полиция
Теміржолдағы полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Жазылу
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде ерекше маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар.
Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін, дейді ведомстводағылар.
Статистикаға сәйкес, Қазақстанда полиция қатарында Наурыз есімді 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді. Оның ішінде, төртеуі нәзік жандылар:
Наурызбай — 55
Наурызбек — 41
Наурыз — 12
Наурызгүл — 4
Наурызхан — 3
Наурызғали — 2
Наурызжан — 1
Бекнаурыз — 1.
Полиция мәліметінше, бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Абай Кунанбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Елімізде Абай есімді қанша адам бар
Жаңалықтар
0