Наурыз бізге мәңгілік құндылықтарды еске салады - Ресей елшісі

© Photo : Предоставлено посольством РФ в КазахстанеАлексей Бородавкин
Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Жазылу
Ресей елшісі қазақстандықтарды көктем мерекесімен құттықтады
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Сіздерді Қазақстандағы Ресей елшілігінің атынан және жеке өз атымнан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көне халық мерекесі қыстың аяқталуы мен табиғаттың оянуын ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның рухани жаңғыруын білдіреді. Көктем жүректерді жылытып, таза ойларды тудырып, игі істерге шабыттандырады", - деп жазды елші.
Ол көктемгі күн мен түн теңелетін мерекені тек қазақстандықтар ғана емес, Ресейдің көптеген халықтары да тойлайтынын еске салды. Наурыз мейрамы елдерімізді біріктіретін мәңгілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды – отбасы ошағының жылуын, махаббатты, достықты, мейірімділік пен өзара көмекті еске салады.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас өмірлік қуат, қуаныш пен береке тілеймін! Көктемнің келуі әрқайсыңыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын! Ресей мен Қазақстан халықтарының достығы нығая берсін, деп құттықтады Алексей Бородавкин.
Бұған дейін Тоқаевқа түрлі мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым басшылары құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2025
Путин Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
Жаңалықтар
0